Анар Болымбай Кербұлақ ауылы №7 орта мектептің дефектолог-логопед маманы. Ол биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп, Республика күні қарсаңында үйлі болды.«Өзім осы Шеңгелді ауылдық округі Кербұлақ ауылында туып-өскем. Кейіннен ЖОО тәмамдап, ауылыма, еліме қызмет етуге қайтып оралдым. Мұнда жұмыс істеп жатқаныма 2 жылға жуық уақыт болды. Жылына 30-дан астам баланы қабылдаймын», – деді ол.Жас маман қазір тұрмыста, екі баланың анасы. Бағдарлама арқылы 8 млн теңгеден астам қаржыға бюджеттік несие рәсімдеп, үй сатып алған.«Туған жерімде еңбек етіп жүргеніме өте қуаныштымын....